Басты бет Жаңалықтар Қарағандыда Октябрь ауданының атауы өзгертілді

Қарағандыда Октябрь ауданының атауы өзгертілді

Бүгін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті IX сессиясы өтті. Депутаттар мен әкімдік бірлесіп шығарған шешім бойынша, Октябрь ауданының атауы өзгертілді.

Енді ауданға Алаш партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейханның есімі беріледі.

Сессияда Октябрь облысына Әлихан Бөкейхан есімін беру туралы бұрын дайындалған әкімдік пен мәслихат қаулысы қаралды. Енді аудан Әлихан Бөкейхан ауданы болып аталады. Тиісті құжаттар Әділет министрлігіне тіркеуге жіберілді, — деді Қарағанды ​​облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма өкілі.

Exit mobile version