Басты бет Қоғам «Қазақ аруы 2021» байқауының жеңімпазы анықталды

«Қазақ аруы 2021» байқауының жеңімпазы анықталды

Алматыда продюсер Баян Алагөзованың жыл сайынғы "Қазақ аруы 2021" сұлулық байқауы өтті. Ақтөбелік 22 жастағы Аружан Аманжолова жеңімпаз атанды.

Фото: Instagram/aruzhan.amanzhollova

Бұл туралы Баян Алагөзова Instagram-парақшасында хабарлады.

«Қазақ аруы 2021» байқауының жеңімпазы 22 жастағы Аружан Аманжолова журналист, Ақтөбедегі жергілікті телеарнада «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасын жүргізеді.

Ол әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

Аружан Аманжолованың журналистикаға деген махаббатын телевизия ардагері Н.Иманғалиұлының «Бай-қуатты болайық» деген сөздері оятқан. Қоғамға айшықты ақпарат беріп, ұлтының жанашыры болуды кәсіби миссиясы, ал ұлтсүйер, ұлтына қызмет етер ұрпақ тәрбиелеуді өмірлік мақсаты деп біледі, — деп жазған Баян Алагөзова.

Аружан Аманжолова бұған дейін де сұлулық байқауларына қатысқан.

Ол студент кезінде әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде өткен «Ана тілі аруы және Жігіт сұлтаны 2018» байқауында 1 орын алған.

Айта кетйік, Аружан Аманжоловаға тәжді «Қазақ аруы 2020» атағының иегері Алматы облысының аруы 20 жастағы Нарқыз Айдарова табыстады.

Exit mobile version