Басты бет Қоғам Алматы облысында үшем босанған 26 жастағы келіншек үйге шығарылды

Алматы облысында үшем босанған 26 жастағы келіншек үйге шығарылды

Бүгін Алматы облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемдер бір айдан кейін үйге шығарылды. 26 жастағы Ардагүл Әскербек Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиля есімді үш қызды 25 қазан күні дүниеге әкелген еді. Енді жас келіншек көпбалалы ана атанды.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Үш қыздың анасы Ардагүл Әскербек Алматы облысы Көксу ауданының тұрғыны. Үшемнің анасы 25 қазаннан бастап облыстық перинатал орталық дәрігерлерінің бақылауында болды.

Облыстық перинатал орталықтың директоры Қанат Қалиханұлы қазір үшемдердің анасы мен балалардың денсаулығы жақсы екенін айтты.

Жүктіліктің 31 аптасында кесар тілігін жасау арқылы үш қыз (1 900 грамм, бойы 41 сантиметр, 1 800 грамм, бойы 44 сантиметр, 1 700 грамм, бойы 45 сантиметр) дүниеге келді. Бұл жағдайды денсаулық сақтау басқармасы үнемі бақылауда ұстап отырды, — деді ол.

Бекетовтар отбасында Гүлсая, Нұрсая және Нұрсиляны екі ағасы мен әпкесі күтіп алды.

Exit mobile version