Басты бет Медицина Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған балалар саны 101 мыңнан асты

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған балалар саны 101 мыңнан асты

Коронавирустың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау бойынша ақпарат жариялады.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

5 желтоқсандағы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 783 874 адам, 2-компонентін 8 182 339 адам салдырды.

Оның 126 674 адам Pfizer вакцинасының I-дозасын салдырды.

Оның ішінде:

  • жасөспірімдер — 101 114;
  • жүкті әйелдер — 7 630;
  • бала емізетін әйелдер — 17 930 салдырды.

Айта кетейік, елімізде күннен-күнге COVID-19 инфекциясын жұқтыру дерегі азайып келеді. Қазақстанда өткен тәулікте 632 адамнан коронавирус анықталды.

Exit mobile version