Басты бет Жаңалықтар Әлішер Кәрімов «Голос» шоуының келесі кезеңіне өтті

Әлішер Кәрімов «Голос» шоуының келесі кезеңіне өтті

Қазақстан әншісі Әлішер Кәрімов Ресейдің "Голос" музыка байқауының нокаут кезеңінен өтті.

Фото "Голос" шоуының Instagram-парақшасынан

«Голос» шоуының 3 желтоқсанындағы шығарылымында марқұм Александр Градскийдің тобындағы Әлішер Кәрімов «Звездочка моя ясная» лирикалық әнін орындады. Бұл шығарылым 18 қарашада түсірілген.

Александр Градский үш қатысушының ішінен Әлішер Кәрімовті таңдап, байқаудың келесі кезеңіне өткізді.

https://www.youtube.com/watch?v=VADeDr70_KQ

Тәлімгерлердің бірі Пелагея Телегина Әлішер Кәрімовке мұндай әнді орындағанда билеу орынсыз екенін айтып, ескерту жасады.

Әлішер, әрине, сіздің дауысыңыз өте керемет, бірақ шынымды айтайын, мен биді түсінбедім. Өйткені, менің ойымша, әннің бағыты басқа, бірақ вокалда ешқандай мін жоқ, керемет болды, — деді Пелагея Телегина.

https://www.youtube.com/watch?v=S276y4KGD64

Еске салайық, әнші, композитор, Ресейдің халық артисі, «Голос» шоуының тәлімгері Александр Градский 2021 жылдың 28 қарашасында 72 жасында қайтыс болды.

Exit mobile version