Басты бет Жаңалықтар Джозеф Байден Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады

Джозеф Байден Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жолдады

АҚШ президенті Джозеф Байден ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына  тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Джозеф Байден. Иллюстрация: Akorda.kz

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Орталық Азияда бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын, – деп жазды Джозеф Байден.

Оның пікірініше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.

Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті, — деп мәлімдеді АҚШ президенті.

Exit mobile version