Басты бет Спорт «Кейінге шегерілгеніне қапаландым». Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегі туралы

«Кейінге шегерілгеніне қапаландым». Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегі туралы

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риото Муратамен жекпе-жегі кейінге шегерілгенін растады.

Фото: Sport.bigmir.net

Жапониядағы жекпе-жектің кейінге шегерілгеніне қапаландым, бірақ халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында болуы керек. Рингке оралуды асыға күтемін. Өзіңізді қорғаңыз!, — делінген жазбада.

Бұған дейін IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен осы салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек шегерілгені хабарланды.

Exit mobile version