Басты бет Жаңалықтар Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық деңгейге жетті

Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандардың саны ең жоғары деңгейге жетті.  Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

©REUTERS

Кореяның ауруларды бақылау және алдын алу агенттігі күніне 5 266 жағдай тіркелетінін мәлімдеді.

Бұл пандемия басталғалы бері күн сайынғы ең жоғары көрсеткіш. Оның ішінде 5 242 жағдай ел ішінде инфекцияның таралуына байланысты жұқтырса, қалған науқастар елге шетелден келгендер,- делінген агеттік ақпаратында.

Оңтүстік Кореяда екінші күн қатарынан күніне бес мыңнан астам ауру жұқтырғандар анықталды. Мұндай аурушаңдық республикада алғаш рет тіркеліп отыр. Сондай-ақ, елде COVID-19 ауыр жағдайдағы науқастардың саны бойынша рекорд жаңарды, қазір елде 733 адам бар.

Сонымен қатар, 3 желтоқсаннан бастап Оңтүстік Кореяға келген саяхатшылар 10 күндік карантинде жатады, бұл талап бұрын толық вакцинацияланған адамдарға да қатысты. Мұндай шаралар елде «омикрон» штамының алғашқы бес жағдайы тіркелгеннен кейін қолға алынды.

Exit mobile version