Басты бет Жаңалықтар Астанада пәтер құны төмендеп жатыр

Астанада пәтер құны төмендеп жатыр

Астанада ұсыныстың орташа бағасы 1088 $/шаршы метр немесе 360 мың тг/шаршы метр деңгейінде сақталуда, деп хабарайды Egemen.kz.

Көрнекі сурет

Нарықтағы барлық сегментте арзандау бар.

Астанада үй алу қазіргі таңда орташа есеппен 26 339 000 теңге тұрады. Жеті күн ішінде бұл көрсеткіш 1,99 пайызға арзандады. Ең қымбат деген үйлер шаршы метріне 491 мың теңге болса, ең арзандарының шаршы метрі 262 мың теңге.

Астананың қайталама нарығына жасалған зерттеу қорытындысы бойынша, 16-22 қаңтар аралығында теңгемен белгіленген баға 1,26%-ға азайып, доллармен қойылған баға 1,04% қымбаттаған.

Сондай-ақ Алматыда да баспана құны төмендеп жатыр. Алайда риэлторлар екінші жартыжылдықта баға өсуі мүмкін деп отыр. Өйткені, алда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі келе жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version