Басты бет Мәдениет Junior Eurovision байқауына қатысып жатқан қазақстандықтардың бейнебаяны шықты

Junior Eurovision байқауына қатысып жатқан қазақстандықтардың бейнебаяны шықты

11 жастағы Әлинұр Хамзин мен 9 жастағы Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» (World of Fairytales) әніне арналған бейнебаяны Junior Eurovision байқауының Youtube-тегі ресми арнасында жарияланды.

Видео скрині

Биыл Қазақстан атынан байқауға екі орындаушы қатысады. Ұлттық іріктеуде қазылар алқасы мен көрермендердің дауыс беру қорытындысы бойынша екі өнерпаз — Бекнұр Жәнібекұлы мен Әлинұр Хамзин тең болды. Екеуі де 30.5% ұпай жинады.

Екі жеңімпаз — ұлттық іріктеу тарихындағы алғашқы жағдай.

Олар 19 желтоқсанда Франция астанасы Парижде өтетін байқауда «Ертегі әлемі» (World of Fairytales) аталатын әнді орындайды.

Exit mobile version