Басты бет Қоғам Талғар балабақшасында төрт жасар қыз қайтыс болды

Талғар балабақшасында төрт жасар қыз қайтыс болды

Талғарда төрт жасар қыз балабақшада пластикалық шарға қақалып, қайтыс болды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жазатайым оқиға 26 қарашада Талғар балабақшаларының бірінде болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.


Бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасс зат (шар) табылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі (Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүріп жатыр. Тергеу бақылауға алынды», — деді облыстық полиция департаменті өкілдері.

Exit mobile version