Басты бет Мәдениет Әлішер Кәрімов пен Әmre «Голос» шоуының келесі кезеңіне өтті

Әлішер Кәрімов пен Әmre «Голос» шоуының келесі кезеңіне өтті

Қазақстан әншілері Әлішер Кәрімов және Ернар Садырбаев (Әmre) Ресейдің "Голос" байқауының жекпе-жек кезеңінде жеңіске жетіп, нокаут сайысына өтті.

Коллаж: Baibar.kz

Әлішер Кәрімов қарсыласы Полина Клинникова «The Prayer» шығармасын орындады.

Александр Градский жобада Әлішер Кәрімовті қалдырды.

https://www.youtube.com/watch?v=cSKX6tp6Ugc

Тәлімгерлердің бірі Дмитрий Билан Қазақстан әншісіне жақсы баға берді.

Әлішердің орындауын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, әлемдік орындаушылармен бір қатарға қоюға болады. Аз уақыт ішінде тембрі мен дауыс күшін көрсеткеніне таңданып отырмын. Әлішер — ғажап музыкант, — деді ол.

Ал Дмитрий Биланның тобындағы Ернар Садырбаев пен Рустим Бахтияров «Мне с детства снилась высота» әнін орындады.

Дмитрий Билан Ернар Садырбаевты келесі кезеңге өткізді.

Меніңше, Ернармен бірнеше қызық музыка жасап көруге болатын сияқты, — деді ол.

https://www.youtube.com/watch?v=MVJYktEXRb8

Exit mobile version