Басты бетЖаңалықтарРеспубликаның алты...

Республиканың алты өңірінде жолдар жабылды

Астана қаласы

24 қаңтар сағат 20.00-ден бастап бұрқасын болуының салдарынан «Астана-Көкшетау» республикалық маңыздағы жолдар автокөліктің барлық түрлері үшін жабылды.

Ақмола облысы

24 қаңтар сағат 20.00-ден бастап қар жауып, боран соғып, нәтижесінде:

  • «Астана-Петропавл» күре жолы (18-230 шақырым аралығы Астана қаласы — Щучинск қаласы);
  • «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» автожолы (0-82 шақырым аралығы, Жақсы ауылы — Бұзұлық ауылы);
  • «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (232-260 шақырым аралығы,  Қостанай обл. аумағы — Сурган ауылы);
  • «Жезқазған-Петропавл» тас жолы (377-595 шақырым аралығы, Қостанай обл. аумағы — СҚО);
  • «Екатеринбург-Алматы» автожолы (856-1006 шақырым аралығы,  СҚО аумағы- Атбасар қ.) барлық автокөлік түрлеріне жабылды.

Павлодар облысы

23 қаңтар сағат 19.40-тан бастап «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ  телефонхатына сәйкес, ауа райының нашарлауына байланысты облыстық маңыздағы «Шақат-Восточное-Шалдай» (0-121,6) автожолының учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды.

Қарағанды облысы

24 қаңтар сағат 11.35-тен бастап ауа райының қолайсыздығынан «Ұлытау ауданы-Костанай обл. шекарасы» (136-252 шақырым аралығы, «Жезқазган-Петропавл» автожолы) бөлігінде барлық автокөлікке қозғалыс шектелді.

Қостанай облысы

24 қаңтар сағат 19.00-ден бастап, боран соғуының салдарынан:

  • Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (108-232 шақырым аралығы, Әулиекөл ауылынан- Ақмола облысының шекарасына дейін);
  • А-16 «Жезқазған-Петропавл» күре жолы (252-377 шақырым аралығы, Қарағанды облысынын — Арқалық — Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөлікке жабық.

24 қаңтар сағат 19.00-ден бастап «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ телефонхатына сәйкес, облыстық маңыздағы «Арқалық -Торғай» (0-288 шақырым аралығы, а/ж «Әулиекөл -Жолдама», 0-257 шақырым аралығы, «Қойбағар-Севастополь» 0-124 шақырым аралығы) автожол учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

25 қаңтардан бастап барлық бағыттар бойынша облыстық маңызы бар жолдар жабық.

ДереккөзInform.kz