Басты бет Видео Құммен салынған Астана (Видео)

Құммен салынған Астана (Видео)

Танымал суретші, график, мультипликатор, құм анимациясының шебері Ксения Симонова Қазақ даласы мен Астанаға арнап ерекше фильм түсірді. Туындының ерекшелігі — ол құммен сурет салу арқылы жасалған. Бүгінде Украинаның еңбек сіңірген өнер қайраткері атанып отырған суретші еңбегінің нәтижесін видеодан көріңіздер.

Құммен сурет салу (ағылш. sand art, sand animation) — құмды өнер,құмды анимация – бейнелеу өнерінің ерекше әрі жаңаша бағыты. Бастапқы кезеңде бұл өнер түрі мултьфильмдердің, анимациялық фильмдердің сюжетін жасауда кең қолданылған. Осы өнерді игерем деуші адам үшін ең бастысы – шеберлік. Құммен сурет салу өнері Қазақстанға 2009-2010 жылдары келді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version