Басты бет Қоғам Cыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін алматылықтарға 1,2 миллион теңге төленді

Cыбайлас жемқорлық туралы хабарлама үшін алматылықтарға 1,2 миллион теңге төленді

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенімді арттыруда азаматтардың 1424 сall-орталығындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлауы ерекше рөл атқарады.

Иллюстрация: Onedio

Сall-орталықтың операторлары тәулік бойы сыбайлас жемқорлық туралы хабарламаларға және бизнеске жасалған қысымға жауап береді, шағымдарды, пікірлерді қабылдайды, консультациялық көмек көрсетеді.

10 ай ішінде 1424 сall-орталығына  63 өтініш келіп түсті, оның 30-ы «Ақпаратты есепке алу кітабында» тіркелді. Олар бойынша қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы аясында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Биыл біз Департаментке 2 мыңнан астам өтінішті тіркедік. Көбінесе өтініш берушілер қаланың нақты құрылысына, қоршаған ортаның ластануына, білім беру және денсаулық сақтау салаларында қызмет көрсетуге наразы. Бизнестің бақылаушы органдардың әрекетіне де шағымдар жиілеп кетті, — деп Алматының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат 10 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен брифингіде.

Сондай-ақ, спикер Алматы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын іске асыру бойынша жұмысты тұрақты негізде жүзеге асыратынын атап өтті.

Мысалы, биыл сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 6 адам 1,2 миллион теңге сомасына ынталандырылды.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған, оған өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі пәрменді тетік болып табылады.

Сыйақы сомасы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты және 30-дан 100 АЕК-ке дейін түрленеді.

Exit mobile version