Басты бет Қоғам Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суиды

Ауа райы: Қазақстанның басым бөлігінде күн күрт суиды

"Қазгидромет" РМК мамандары 25-27 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Olgasam009.livejournal.com

Синоптиктердің болжамына қарағанда, циклон әсерінен болған жауын-шашын, жел мен қолайлы ауа температурасынан кейін алда суық антициклон келеді.

Бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының тез төмендеуіне әкеледі. Елімізде күзгі тұрақсыз ауа райы сақталғанына қарамастан, қыс мезгілінің белгілері де байқалып жатыр. Оның жақындағаны Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне де сезіліп жатыр, себебі термометр бағаны түнде 8-13 аязға дейін көрсетеді, — делінген хабарламада.

Exit mobile version