Басты бет Қоғам Түркістан облысында өзеннен нәрестенің мәйіті табылды

Түркістан облысында өзеннен нәрестенің мәйіті табылды

16 қарашада Сайрам аудандық полиция департаментіне тұрғындардан жаңа туған нәрестенің мәйіті ағынды судан табылғаны туралы хабарлама түскен.

Фото: Іnformburo.kz

Полиция сол жерге барып, жақын маңдағы аумақты тексерген. Куәгерлермен сұхбат жүргізген.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде бір тәулік ішінде нәрестені суға тастаған күдіктінің жеке басы анықталды.

Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Аталған фактіні полицейлер Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі» бойынша тіркеді. Тиісті сараптама тағайындалды.

Полицияның хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Exit mobile version