Басты бет Қоғам Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Лукойл» президентін қабылдады

Мемлекет басшысы "ЛУКОЙЛ" мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады.

Фото: Akorda.kz

Вагит Алекперов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі ірі «Қаламқас-теңіз»жобасының негізгі қағидаттары туралы келісімге «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» компанияларының қол қойғаны, сонымен бірге «Хвалынское» кен орнының игерілуі жөнінде айтылды.

Қазақстан президенті еліміздің «Лукойл» компаниясымен серіктестігінің даму барысына көңілі толатынын айтты.

Exit mobile version