Басты бет Медицина Алексей Цой QazVac вакцинасын экспорттау жоспары туралы айтты

Алексей Цой QazVac вакцинасын экспорттау жоспары туралы айтты

Денсаулық сақтау министрінің айтуына қарағанда, бүгінде коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны шетелге шығару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Фото: Primeminister.kz

Қазір бұл ақпаратты барлық елге жібердік. Біздің елшілік мұны жоспарлап отырғанымызды хабарлап жатыр. Бірақ, бірінші кезекте, Қазақстанның қажеттілігін қамтамасыз етуіміз қажет. Алдағы уақытты сыртқы нарықтарға шығамыз. Сұраныс бар, қазір пысықталып жатыр. Қазір QazVac вакцинасы аймақтарға барғаннан кейін, азаматтарымыз өте белсенді егіледі. Қазір өз қажеттілігімізді қамтамасыз етеміз, — деді Алексей Цой.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцинаға қызығатындар көп, алайда нақты келісім жасалмаған.

Жабық форматтағы мәселе пысықталып жатыр. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, әзірге нақты келісімге келмедік. Көп мемлекет хабарласып, қызығушылық танытып, вакцина туралы ақпаратты, Қазақстанда вакцинацияның қалай өткенін, қандай нәтижелер алғанын сұрайды. Осы бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деді ведомство басшысы.

Exit mobile version