Басты бет Жаңалықтар Атырауда тұрғыннан 50 келіден астам бекіре тәркіленді

Атырауда тұрғыннан 50 келіден астам бекіре тәркіленді

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, бекіре тұқымдас бағалы балықты заңсыз тасымалдаған жүргізуші Исатай ауданында ұсталған.

Департаменттің балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Браконьер» іс-шарасын өткізіп жатыр. Олар 11 қарашада сағат 8:50 шамасында патрульдік полиция инспекторларымен бірге «Ақтөбе-Ресей Федерациясы шекарасы» бағытындағы тас жолдың 616-шақырымында «Лада Гранта» көлігін тоқтатқан. Бұл көліктің иесі Исатай ауданының 37 жастағы тұрғыны болып шықты. Көлікті тексеру кезінде жүк салғыштан шамамен 50-60 келі көлеміндегі ақ түсті 3 қаптарға салынған бекіре тұқымдас балықтарын анықтап, тәркіледі, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ұсталған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Exit mobile version