Басты бет Жаңалықтар Талғат Байсуфинов: Францияның қапталдағы шабуылын тоқтату мүмкін болмады

Талғат Байсуфинов: Францияның қапталдағы шабуылын тоқтату мүмкін болмады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов Франциямен болған матчтан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Фото: @kff_team

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов баспасөз мәслихатында ең алдымен, қарсылас команданы жеңіспен құттықтайтынын жеткізді.

Финляндия Боснияны жеңіп кетті де, Францияның келесі ойыны қатты қиындап кетті. Сондықтан бізге қарсы матчта олар қолынан келгеннің бәрін жасады. Көп жағдайда қазақстандық футболшылар қобалжып, аяқтағы добынан айырылып жатты. Біз бұл мәселемен жұмыс істеуіміз керек. Маған бұл ойын ауыр тиді. Әлбетте, ірі есеппен жеңілген ешкімге де ұнамайды, – деді бас бапкер Талғат Байсуфинов.

Талғат Байсуфинов футболшылар жаттығуда істеп жүргендерін алаңда көрсете алмағанын баса айтты.

Exit mobile version