Басты бет Медицина Қазақстанның екі өңірі ғана коронавирус бойынша «қызыл» аймақта қалды

Қазақстанның екі өңірі ғана коронавирус бойынша «қызыл» аймақта қалды

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиология жағдайын бағалау матрицасын жариялады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

12 қарашадағы жағдай бойынша, Қостанай облысы «қызыл» аймақтан сарыға өтті. Осылайша, коронавирус инфекциясының таралуы жоғары аймақта тек Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары қалды.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент пен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары тұр.

Ал Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары «жасыл» аймақта орналасқан.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 260 дерегі тіркелді.

Exit mobile version