- Алдымен тіркелген жері бойынша емханаға барып, участкелік гинеколог немесе уролог дәргергердің қабылдауында болу. Толық тексеріп диагнозды анықтау қажет.
- Бұл тексеру медицина сақтандыру аясында тегін жүреді.
- Тексерудің нәтижесті бойынша әйелдің құжаттары мультидисциплинарлык комисияга көрсетіледі. Ол комиссияға жетекші мамандар кіреді.
- Өз кезегінде комиссия пациенттің медициналық құжаттамасынан қарап, ЭКО ға шешім шығарады.
- Комиссия растауымен әйелді «Емдеуге жатқызу бюросы» порталына тіркейді. Ем шараға дайындай бастайды. Оның барлығы электрон түрде болады.
- Бұдан әрі пациент өзі таңдаған ЭКО клиникадағы репродуктологқа тікелей барып, барлық ұсынымдары мен талаптарын орындай отырып, ЭКО багдарламасына кіреді.
«Аңсаған сәби». Медицина сақтандыру бойынша тегін квотаны қалай алуға болады?
Нұр-Сұлтандағы №2 көпбейінді қалалық ауруханасының отбасын жоспарлау орталығының гинеколог-эндокринологы Айгүл Мұсабаева "Аңсаған сәби" бағдарламасына медицина сақтандыру шеңберінде қалай қатысуға болатынын айтты.