Басты бет Қоғам 11-13 қараша күндері ауа райы қандай болады?

11-13 қараша күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Синоптиктердің болжамына қарағанда, кезекті Солтүстік-Батыс циклоны елдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлеріне әсер етеді.

Осыған байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел, тұман, көктайғақ, төменгі бұрқасын болуы мүмкін. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Батыс антициклонының басып кіруімен және оның шығыс бағытқа ығысуына қарай ауа температурасының аздап төмендеуі болжанады, — делінген хабарламада.

Exit mobile version