Басты бет Жаңалықтар Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

Кәсіби бокс туралы жазатын ұлыбританиялық Boxing Legends TV твиттер-аккаунты Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерстің жекпе-жегі 2017 жылдың жазында Қазақстанда өтуі мүмкін екенін жазды.

«Билли Джо Сондерстің Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі жазда Қазақстанда өтеді деп жоспарланды»,-деп жазылған хабарламада.

Одан бір твиттер қолданушысы GGG әлі Дэниель Джейкобспен кездеспей тұрып, неге Сондерспен өтетін кездесу туралы айтылып жатқанын сұрады. Оған: «Менің ойымша, ол [Сондерс] Головкин-Джейкобс кездесуінің жеңімпазымен кездеседі. Бірақ Билли Джо барлық шарттарды (ақша, өткізу орыны, т.б.) келісіп қойды»,-деген жауап алды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version