ІІМ: Ресей нөмірін таққан 80 мың көлік заңсыз жүр

Әкімшілік полиция комитеті басқармасының басшысы Юрий Козловтың айтуынша, көрші елдің нөмірін таққан 80 мың көлік елімізде заңсыз жүр.

Себебі бұл машиналар Ресейде де, Қазақстанда да тіркеуде жоқ. Бұл заңға қайшы. Елімізде емін-еркін жүріп-тұруы үшін құжаттарын заңдастыруы қажет. Ал 120 мың автокөліктің әлі бір жыл уақыты бар, – деді Юрий Козлов.

Юрий Козлов Ресейде есептен шығарылып, бірақ Қазақстанда тіркелмеген көліктің саны 80 мың екенін атап өтті.

Аталған көлік иелеріне жолда жүруге тыйым салынады. Олар жол-көлік заңын бұзып жатыр, – деді басқарма басшысы.