Басты бет Қоғам Нұрсұлтан Назарбаев Қажахмет Балахметовтың отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қажахмет Балахметовтың отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері Қажахмет Балахметовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қажахмет Балахметов. Фото Асхат Аймағамбетовтің Facebook-парақшасынан

Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Қажахмет Балахметұлы өзінің барлық саналы ғұмырын халыққа білім беру ісіне арнаған абзал азамат болатын. Ол кезінде ұзақ жылдар бойы Қазақ КСР Оқу-ағарту министрі қызметін атқарып, саланың дамуына зор еңбек сіңірді. Сонымен қатар қоғамдық істерге де атсалысып, жұртшылықтың шынайы ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді. Жемісті қызметі жоғары марапаттармен атап өтілді. Оның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді, – делінген жеделхатта.

Еске салайық, 6 қараша күні Қазақ КСР білім беру министрі болған Қажахмет Балахметов қайтыс болғаны хабарланды. Қаралы хабарды білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов естіртті.

Exit mobile version