Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер болжамына сәйкес, батыс, солтүстік-батыс пен солтүстіктің басым бөлігінде жауын-шашын болады. Елдің батысы мен солтүстік-батысында қатты жауын-шашын жауады.

Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады деген болжам бар.

11 қарашадан бастап ауа температурасы батыс, солтүстік-батыста түнде -10…0°C аязға дейін, күндіз -5…+5 °C жылыға дейін төмендейді. Оңтүстік-батыста түнде +2…+7°C жылы, күндіз +5…+10°C жылы болады. Солтүстікте -2…+3°C-қа дейін жетеді, – делінген хабарламада.

Оған қоса, Республиканың қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күндіз ауа температурасы +5…+15°C дейін көтеріледі. Жел жылдамдығы 15-23 м/с-ке дейін күшейеді.