Басты бет Жаңалықтар Коронавирус пен пневмониядан 12 қазақстандық қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан 12 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 12 адам қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, коронавирустан 9, пневмониядан 3 науқас қайтыс болды.

7 қарашадағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан 40 856 адам (35 528+ және 5 328 КВИ-), олардың ішінде 7 563 науқас стационарда, 33 293 науқас амбулатория деңгейінде емделіп жатыр, – делінген министрліктің хабарламасында.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 556 адамның жағдайы ауыр;
  • 144 науқастың жағдайы өте ауыр;
  • 104 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Иллюстрация: @DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 031 адамнан коронавирус анықталды.

Exit mobile version