Басты бет Қоғам Президент «Абай» шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты

Президент «Абай» шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан кеншілердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Президент сонымен бірге зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлардың отбасына көмек беруді тапсырды. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды. Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 7 қараша күні, сағат 08.37-де Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының кенеттен жарылуынан 6 адам қаза тапты. 2 адам зардап шекті. Екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің аты-жөні жарияланды.

Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін өзі эвакуациялаған.

Exit mobile version