Басты бетЖаңалықтарАсқар Мамин:...

Асқар Мамин: Көрші елдердегі эпидемиялық ахуалды ескеру керек

Жалпы эпидемиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірде вирус жұқтыру деңгейі, ауыр жағдайдағы науқастардың, стационарлық және амбулаторияда ем алып жүргендердің саны азайды. Алматы және Нұр-Сұлтан «қызыл» аймақтан шықты. Қазір онда тағы төрт өңір қалды. «Сары» аймақта – 4, «жасыл» аймақта – 9 облыс бар. Дегенмен көрші елдердегі жағдайды да ескеру керек. Барлық өңірлерде шектеу шараларын қамтамасыз ету қажет. Мониторинг топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге тиіс, – деді ол Үкімет отырысында.

Премьер-министр вакциналау қарқыны айтарлықтай жақсара қоймағанын атап өтті.

Қазіргі уақытта 8,3 миллионнан астам адам екпенің бірінші компонентін, 8,5 миллионнан астам адам екінші компонентін алды. Елорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары қарқынды күшейтсін. Әкімдіктер мен денсаулық министрлігі емдеу мекемелерінің қоймаларындағы дәрілік препараттар мен бұйымдарға тексеру жүргізіп, олардың қажетті көлемін толық қамтамасыз етсін, – деді Асқар Мамин.