Басты бетҚоғамҚазақстанда 1...

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап полицейлер жаңа үлгідегі форма киеді

Біз жаңа форманы осы жылдың күзінде бекіттік. Оны таныстырдық. Осыдан кейін «Еңбек» РМК тігін бірлестіктерінің бас бостандығынан айыру орындарында 1 200-ге жуық тігін орындары бар, бірінші кезекте олар киім тігетін болады. Біріншіден, жұмыспен қамту аясында, екіншіден, өзіндік құнды азайту үшін. Әрине, олар бір күнде тігілмейді, сондықтан біз конкурстық құжаттамаға, мемлекеттік сатып алуларға сәйкес форма тігіліп, 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін дайын болады деп болжап отырмыз және көп өңірде сол күннен бастап патрульдік қызметкерлер жаңа киім үлгісінде жұмысқа кіріседі, — деді Ерлан Тұрғымбаев.

Оның айтуынша, жаңа формамен бірінші кезекте патрульдік полиция мен учаскелік инспекторлар қамтамасыз етіледі.

Біз қосымша қаражатты талап етпейміз, бұл киім-кешекке бөлінген ақша шеңберінде орындалады. Ескі форма әлі де бар, оны кию мерзімі аяқталады, жаңа форма біртіндеп ерекшеленеді. Екі жыл ішінде біз барлық Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін толығымен жаңа формаға ауыстырамыз, — деді Ерлан Тұрғымбаев.