Басты бет Қоғам Qatar Airways әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін ашады

Qatar Airways әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін ашады

19 қарашадан бастап Qatar Airways әуе компаниясы Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша Қазақстанға тұрақты рейстермен ұшуды жоспарлап отыр.

Фото: Traveldailymedia.com

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Рейстер санитарлық-эпидемиология талабын қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-320 әуе кемелерімен аптаның дүйсенбі және жұма күндері 2 реттен орындалады, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, Катар мен Қазақстан арасында тұрақты рейстердің ашылуы сауда-экономикалық, мәдени және туристік қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Exit mobile version