Басты бет Қоғам 5 қарашадан бастап Алматыдан Таразға әуе рейсі ашылады

5 қарашадан бастап Алматыдан Таразға әуе рейсі ашылады

Алматы-Тараз субсидияланатын әуе бағытына қосымша байқау өтті.

Фото: Exyuaviation.com

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен Алматы — Тараз — Алматы әлеуметтік маңызы бар әуе бағытына байқау өткізу туралы шешім қабылданды.

Байқаудың қорытындысында SCAT әуе компаниясы осы бағытта тасымалдаушы болып айқындалды. Тұрақты рейстер 2021 жылдың 5 қарашасынан басталады деп жоспарланып отыр. Рейстер 148 және 50 орындық Б-737 және CRJ-2 әуе кемелерімен аптасына 6 рет орындалады, — делінген хабарламада

Ведомствоның хабарлауынша, бір бағытқа билет құны — 9 мың теңге.

Exit mobile version