Басты бет Жаңалықтар Жас отбасыларға арналған арзан үйлердің жобасы ұсынылды

Жас отбасыларға арналған арзан үйлердің жобасы ұсынылды

Екібастұз өңірінің ғалымдары жас отбасыларға арнап төрт пәтерлі жеке меншік үйдің жобасын ұсынды. Мұндай үйлер нарықтағы жылжымайтын мүлік бағасынан 2-2,5 есе арзан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz

Фото: Scs.edu.au

Қаныш Сатпаев атындағы Екібастұз инженер-техникалық институтының халықаралық байланыс пен ғылыми жұмыс проректоры Жарылқасын Қамбаровтың айтуынша, төрт пәтерлі үйлердің сапасы еуропалықтардың таун-хаустарынан кем болмайды.

«Әр пәтердің аумағы 82 шаршы метрді құрайды. Құрылыс кезінде үй автономды түрде қамтамасыз етіледі: саңылау, күн батарейлері, жел диірмені мен жылу тартатын сорғының орнатылу. Мұндай үдің бағасын 40 миллионға бағалап отырмыз», – деді проректор Жарылқасын Қамбаров.

Жобаны әзірлеушілер Екібастұзда үй салу үшін жер сұраған, алайда, бұл сұрақ әлі өз шешімін таппай отыр.

«Өте қызықты жоба екен. Бұл үйлерді Баянауылға да салуға болады. Тұрғындар мен туристер оны жоғары бағалайтынына сенімдімін», – деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version