Басты бет Қоғам Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе қатынасы қалпына келеді

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әуе қатынасы қалпына келеді

Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 21 қыркүйектегі шешіміне сәйкес, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тұрақты әуе қатынасы қалпына келіп жатыр.

Фото: Airlineratings.com

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

7 қарашадан бастап Air Astana әуе компаниясы Embraer Е190 – Е2 әуе кемесімен бейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рейспен Алматы-Баку бағытында ұшуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге «Әзірбайжан Хава Йоллары»  әуе компаниясы 6 қарашадан бастап А – 319 әуе кемесімен сенбі күндері аптасына 1 рейспен Алматы-Баку бағытында ұша бастайды.

Әзірбайжанмен арадағы әуе рейстерінің санын арттыру эпидемиология жағдайына, ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне және Әзірбайжанның тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты қабылданады, — делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиология талабының қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Exit mobile version