Басты бет Қоғам Қазақстанның солтүстік өңірлері әлі күнге дейін «қызыл» аймақта тұр

Қазақстанның солтүстік өңірлері әлі күнге дейін «қызыл» аймақта тұр

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өңірлердегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жариялады.

Коллаж авторы: Shutterstock & Курсив

1 қарашадағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал Шымкент пен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары «жасыл» аймақта.

Матрица

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 395 адамнан коронавирус анықталды.

Exit mobile version