Басты бет Жаңалықтар Павлодарда жол апатынан мотоцикл жолаушысы қайтыс болды

Павлодарда жол апатынан мотоцикл жолаушысы қайтыс болды

Оқиға 28 қазан күні сағат 17:15-те Шарбақты ауданы Хмельницкое ауылының маңындағы алқапта болды.

Иллюстрация: Den-der.kz

«Иж» мотоциклінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен, нәтижесінде 46 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, − деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент дерегінше, полиция мотоциклді айып тұрағына қамаған. Апат фактісі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Жыл басынан бері Павлодар облысы аумағындағы 451 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апатынан 38 адам қаза тауып, 676 адам жарақат алды.

Exit mobile version