Басты бет Жаңалықтар Үкімет басшысы климат өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясына қатысады

Үкімет басшысы климат өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясына қатысады

Үкімет басшысы Асқар Мамин климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысады.

Иллюстрация: Берік Уәлидің Instagram-дағы парақшасынан алынды

Бұл жөнінде президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминге COP26 климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі Конвенциясына қол қойған елдер конференциясының 26-сессиясына қатысатын Қазақстан делегациясын басқарып баруды тапсырды, – деп жазды Берік Уәли.

Айта кетейік, жиын Шотландияның Глазго қаласында өтеді.

Exit mobile version