Басты бет Жаңалықтар Коронавирус пен пневмониядан тағы 42 қазақстандық қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан тағы 42 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда 24 қазанның қорытындысы бойынша коронавирустан 24 адам қайтыс болды, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан 18 өлім дерегі тіркелді.

Фото: Medportal.ru

Денсаулық сақтау министрлігінің 26 қазандағы мәліметі бойынша, 50 548 адам (44 515 + және 6 033 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 8 860 науқас, амбулаторияда 41 688 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 612 адамның жағдайы ауыр, 157 пациенттің жағдайы өте ауыр. 102 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі күннен-күнге саны азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 353 адамнан коронавирус анықталды.

Еске салайық, 23 қазанның қорытындысы бойынша елімізде коронавирустан 20 адам қайтыс болды, ал коронавирус белгілері бар пневмониядан төрт өлім дерегі тіркелді.

Exit mobile version