Басты бет Жаңалықтар Елімізде жаңа мемлекеттік ұлттық парк құрылады

Елімізде жаңа мемлекеттік ұлттық парк құрылады

Биоәртүрлілікті сақтау мәселелері жаһандық мақсатты міндет болып отыр. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.

Фото: Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында министр Ұлттық жоба шеңберінде 4 міндетті қамтитын «Табиғат» бағытына тоқталды.

Экожүйелердің орнықты дамуы үшін әлемдік тәжірибе бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ауданы шамамен 10-12%-ті құрауы тиіс. Қазақстанда бүгінгі күні ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үлесі жалпы аумақтың 9,6%-тін құрайды. Осыған байланысты «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық паркін, «Мерке» қорықтар табиғи паркін құру болжанып отыр, − деді ведомство басшысы.

Exit mobile version