Басты бет Спорт Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

Қазақстан теннисшісі Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Зарина Дияс. Фото: Olympic.kz

W80 жартылай финалында WTA рейтингінде 104-орында тұрған Зарина Дияс әлемнің 94-ракеткасы бразилиялық Беатрис Хаддад-Майяны екі сетте 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Енді финалда Зарина Дияс Мэдисон Бренглмен (АҚШ) ойнайды.

Exit mobile version