Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 миллион тонна өнім бастырылды, оның 11,8 миллион тоннасы бидай. Сонымен қатар 1,6 миллион тонна майлы дақылдар, 3,8 миллион тонна картоп, 4,6 миллион тонна көкөніс дақылдары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды, – делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінде.
Негізгі астық егетін өңірлер – Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 миллион гектар жиналды, бұл олардың жалпы жинау алаңының 100 процентін құрады. Орташа өнімділік 8,8 центнерге жетіп, 10,1 миллион тонна бастырылды.
Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 396,5 мың тонна жеңілдетілген бағадағы дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі жасалды. 2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша шілде-қазан айларының кестесіндегі 396,5 мың тоннаның 370,1 мың тоннасы (93%) тиелді, – делінген ведомство мәліметінде.
Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,4 миллион тонна, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында 12,8 миллион тонна, ауыл шаруашылығы өндірушілерінде 16,6 миллион тонна. 15 қазандағы жағдай бойынша 3,5 миллион тонна астық сақтауға жөнелтілді.