Басты бет Жаңалықтар Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Фото: Берік Уәлидің Іnstagram-дағы парақшасынан алынды

Мемлекет басшысы Жезқазған қаласында Жәйрем полиметалл кен байыту фабрикасын ресми іске қосу рәсіміне қатысады. Сонымен қатар «Қазақмыс» компаниясының Жезқазған өңірін әлеуметтік тұрғыдан дамыту және оның минералдық шикізат базасын кеңейту жөніндегі жоспарымен танысады, – деп жазды Берік Уәли Instagram-дағы парақшасында.

Фото: Берік Уәлидің Іnstagram-дағы парақшасынан алынды

Бұдан бөлек, президент дарынды балаларға арналған, мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына және Ұлытау ауданындағы «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барады.

Exit mobile version