Басты бет Жаңалықтар Коровирус пен пневмониядан тағы 53 адам қайтыс болды

Коровирус пен пневмониядан тағы 53 адам қайтыс болды

17 қазанның қорытындысы бойынша коронавирустан 46 адам қайтыс болды. Ал коронавирустың белгілері бар пневмониядан 7 өлім дерегі тіркелді.

Фото: Liter.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің 19 қазандағы мәліметі бойынша, 52 225 адам (45 706 + және 6 519 КВИ-)  короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 9 130 науқас, амбулаторияда 43 095 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 627 адамның жағдайы ауыр, 168 науқастың жағдайы өте ауыр. 96 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

@DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 387 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Exit mobile version