Басты бет Жаңалықтар Мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды

Мектепте смартфон ұстауға тыйым салынды

Шығыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарында мектепте смартфонға тыйым салынды. Бұған дейін еліміздің басқа да өңірлерінде аталған бастама қолдау тапқан еді.

Мұғалімдердің айтуынша, балалардың сабақ үстінде телефон пайдалануы оқушылардың оқу үлгеріміне кері әсер етеді. Ақтөбе облыстық білім беру басқармасының бастамасын ата-аналар да бір ауыздан қолдаған. Себебі көпфункциялы қымбат смартфонға үңілген оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кеткен. Ал жоғары сынып оқушылары болса, әлеуметтік желілерге тіркеліп, зияны мол сайттардың құрбаны болуы мүмкін. Смартфонға тиым салынбас бұрын, бұл мәселе жан-жақты талқылаудан өтті. Мысалы, медицина мамандары ұялы телефонға үңілген оқушының көру қабілеті нашарлайтынын айтады.

Бақытбек Ержан, №35 орта мектеп директоры:

— Осындай жағдайлар болды, балалар сабақтан шығып келе жатқанда, үлкен смартфонмен сөйлесіп келе жатқанда тартып алған жағдайлар болды үлкен балалар. Сындырып алатын кездер болды, енді қымбат нәрсе ғой. Ол енді баланың денсаулығына, психикасына көп әсер етеді.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы сынды басқа да өңірлерде оқушылар мен мұғалімдерге мектепте смартфон ұстауға тыйым салынған еді.

15 пікір

  1. Дурыс деп ойлайм.Олардын ойы сабакта емес интернетте.Сондыктан смартфондарды уйде тастап кеткен оте жонди

  2. Уйде болганымен соткасы барибир баланын ойы сабакта болмайды соткада боладыго недегенимен.

  3. енди ма кызылордада 2016 жылдын куз маусымынан бастап сотка устаткызбаит тартып алад жинап алад енди айтып жатыр ма

  4. Ващееееееее Кызылорда баягда тыйым салган, енди ма?,- дитнадамдард тусинбим баргооооо. Я енди-енди жяйлап кошиватрго. Даже кейбір калаларда али устайдго сотканы. Так что мактанбандарш!

  5. Мен де дурыс деп ойлаймын.бала уакытының кобин сабакка дайындалуга емес смартфон шукылауга жумсайды(ойын,әлеуметтик желі,мултьфилм т,б) .оның устине денсаулыкка зиян ы коп,

  6. Колдаймын, кезинде соткасыз мектеп кызык еди гой. Нокия алындар иш пысса ЧЕРВЬ ойнайсындар)))

  7. Негізі,планшеттер мен смартфондардан пайданың аз екені белгілі.Бірақ та балаларды ол заттардан айыру қиынның қиыны ақ болып тұрғаны.Қанша денсаулыққа да сабағына да зиян екенін түсіндіріп айтсақ та, балалар онымен қоштасқысы жоқ.
    Дегенмен,телефонсыз өмір сүрген кездер іміз өте бақытты шақ деп есептеймін.(өз ойым)

  8. Астана мектептеріне тыйым салса қуанар едім.Себебі:сыныптағылар смартфон пайда болуынан кейін өзгеріп кетті.Маған бұл ұнамайды.Менде де смартфон негізі.Бірақ ата-анам менің қамым үшін ватсапты өшіріп тастады.Оның қайта пайдасы тиуде. Мектепке смартфонмен келіп,сол жерде алып,сабақ аяқталған соң берсе тіпті керемет болар еді деп мен ойлаймын.Негізі сіздермен келісемін!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version