Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

Нұр-Сұлтанда жол ақысын банк картасымен төлеуге болады

CTS компаниясы бұл жаңашылдық 18 қазаннан қанатқақты режимде іске қосылады және 31 қазанға дейін жалғасатынын мәлімдеді.

Фото: Transcard.kz

VІSA және Mastercard карталарымен және NFC жүйесімен жабдықталған смартфон арқылы төлем жасауға болады. Транзакция үшін оларды валидатордың жанында орналасқан арнайы терминалға тигізу жеткілікті.

Айта кетейік, қанатқақты жоба №61 қалалық бағыттағы үш автобуста, қала маңына қатынайтын №309, 310, 315 бағдарларда жүзеге асырылады. Банк картасымен төлеу кезіндегі жол жүру құны өзгеріссіз қалады.

Exit mobile version