Басты бет Жаңалықтар Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Кабулға барды

Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Кабулға барды

Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация Кабулға жұмыс сапарымен барды.

Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Қазақстанның Ауғанстан халқына гуманитарлық көмек көрсетуі, сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланады.

Қазақстан БҰҰ агенттіктерімен бірлесе отырып, Ауғанстан халқына гуманитарлық көмекті одан әрі кеңейту бойынша ынтымақтасуға ниетті.

Exit mobile version