Басты бет Жаңалықтар Еліміздегі әйелдер вагондарының ерекшелігі неде?

Еліміздегі әйелдер вагондарының ерекшелігі неде?

"Қазақстан темір жолы" АҚ сату және клиенттермен жұмыс істеу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов тек әйелдерге арналған вагонға қатысты әзірленген жобаның ерекшелігін айтты.

Фото: Railways.kz

Бұл ең алдымен, әйелдердің қауіпсіздігі үшін жасалды. Мұндай вагондарға сұраныс бар. Әйелдер тарапынан қызметке сұраныс артса, компания осы бағыттардың географиясын кеңейтуге дайын. Бұл ретте 7 жасқа дейінгі ұл балаларды алып жүруге рұқсат етілетінін атап өту қажет, − деді Ерлан Жимайлов YouTube-те берген сұхбатында.

Айта кетейік, 10 қазаннан бастап Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен бағыттары бойынша қатынайтын пойыздарда әйелдер үшін арнайы бір купе вагон ашылды.

Ерлан Жимайлов мұндай вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсететінін және вагондардың басқалардан еш айырмасы жоқ екенін айтты.

Exit mobile version