Басты бет Жаңалықтар Коронавирус пен пневмониядан тағы 31 адам қайтыс болды

Коронавирус пен пневмониядан тағы 31 адам қайтыс болды

Қазақстанда 14 қазанның қорытындысы бойынша коронавирустан 28 адам қайтыс болды. Ал коронавирустың белгілері бар пневмониядан 3 өлім дерегі тіркелді.

Фото: Workingmama.ru

Денсаулық сақтау министрлігінің 16 қазандағы мәліметі бойынша, 52 770 адам (46 069+ және 6 701 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 9 037 науқас, амбулаторияда 43 733 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 636 адамның жағдайы ауыр, 186 пациенттің жағдайы өте ауыр. 123 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, – делінген министрлік таратқан хабарламада.

@DenMinPR

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді. Елімізде өткен тәулікте 1 900 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Exit mobile version